Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен; (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен 1-тармаққа өзгеріс енгізілді ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.10.2007 № 928 Қаулысымен (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (19.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 153-құжат):
3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 154 қаулысымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Полная версия