Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.02.2016
Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 ақпандағы N 260
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 15 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1185 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттiк ресурстарға астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын жүз процент мемлекеттiк акцияларының пакетiмен "Азық-түлiк контракт корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы етiп заңмен белгiленген тәртiпте қайта құрсын және акционерлеу күнгi кiтаптық қалдығы бойынша мемлекеттiк ресурстар астығы мен оның өңделген өнiмдерiн қабылдап алу-өткiзу актiсiне қол қойсын. 
2. Құрылатын акционерлiк қоғамның негiзгi функциялары: 
мемлекеттiк ресурстардағы астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу, есепке алу, сақталуын ұйымдастыру, жаңарту және сату; 
бюджеттiк ұйымдар мен арнайы тұтынушыларды астықпен және оның өңделген өнiмдерiмен жабдықтау болып айқындалсын. 
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚРҮ-нің 21.04.1999. № 433  қаулысымен.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (21.04.1999 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Полная версия
ИС BestProfi