Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 шілде N 833
Осы редакция 28.11.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы , ерекше бөлiмдер  ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне , "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"  Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), "Нотариат туралы"  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн. 
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi туралы ережедегi: 
13-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын: 
"20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған
(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану 
жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады.".
     4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi 
есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 
1467  

 
  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 
476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                         2002 жылғы 26 шілдедегі
                                            N 833 қаулысымен
                                               бекiтiлген
                 Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
           меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке
            алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану
                               ережесi
                        1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртiбiн айқындайды. 
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкілеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады: 
1) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк); 
2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер); 
3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар); 
4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар); 
5) белгiленген тәртiппен республика меншiгiне өтеусiз өткен, оның
iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар 
мен көлiк құралдарын.
     3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде 
айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай 
Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi 
жұмыстарды ұйымдастырады:
     1) белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған (бұдан әрi - иесiз мүлiк);
     2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс 
болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк);
     3) олжаларды;
     4) қараусыз жануарларды;
     5) белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткен;
     6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын 
қазына үлестерiн.
     4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті 
органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы 
белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге 
мiндеттi.
                 2. Мүлiктi есепке алу және сақтау
     5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады:
     1) тиiстi сот актілерi;
     2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк;
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы; 
4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар. 
Полная версия
ИС BestProfi