Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 шілде N 833
Осы редакция 21.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (жалпы ,  ерекше  бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару  кодексiне  , "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2002. № 1268 қаулысымен. (26.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508  қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:  
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi туралы ережедегi: 
13-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:  
"20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады.".
4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2002 жылғы 26 шілдедегі
 N 833 қаулысымен
 бекiтiлген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет  
  меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке  
  алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану  
  ережесi 
1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкілеттi орган және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады:  
1) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк);  
2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер);  
Полная версия
ИС BestProfi