Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі бекітілсін.
2. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде: 
2-тармақтың 5) тармақшасындағы "белгіленген тәртіппен республика меншігіне өтеусіз өткен" деген сөздер "заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
 N 1371 қаулысымен
 бекітілген
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі
3 және 7-тармақтарды қоспағанда, барлық мәтін бойынша, «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе әкімдік», «немесе әкімдікке», «немесе әкімдіктің», «немесе әкімдік» деген сөздермен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.02.2010 № 124 Қаулысымен.
1. Осы Ереже ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылатын мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беруді ретке келтіру мақсатында әзірленді және тиісті тәртіпті айқындайды.
2. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру туралы шешімді мүліктің меншік иесі қабылдайды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделуі тиіс.
2. Мүлікті мемлекеттік меншікке беру мен қабылдау тәртібі
3. Мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесі мүлікті мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы ұсыныспен республикалық меншік объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) не оның аумақтық органына не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдік) өтініш жасайды. Аумақтық орган мүліктің меншік иесінің өтінішін үш күн мерзімде уәкілетті органға жібереді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.02.2010 № 124 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Уәкілетті орган немесе әкімдік мүліктің меншік иесінің өтінішін алған күннен бастап 7 күнтізбелік күннің ішінде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың қажеттігі туралы қорытындыны ұсыну үшін орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мүлікті мемлекеттік меншікке беру жөніндегі ұсыныс бар екендігі туралы хабардар етеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.02.2010 № 124 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі (қажет еместігі) туралы қорытындыны дайындайды және уәкілетті органға немесе әкімдікке жібереді. 
Полная версия
ИС BestProfi