1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитеті таратылсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 қараша N 1268
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi (бұдан әрі - Комитет) туралы ереже;
1-1) Комитеттің құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004 № 695 қаулысымен. (28.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мемлекеттiк мекемелері - аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Комитеттiң және оның аумақтық органдарының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Комитеттi және оның аумақтық органдарын қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде дәрменсiз борышкердiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсiмдерiн өткiзуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсiмiне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Полная версия