Мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөнiндегi қызметтi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 желтоқсан N 1668
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдерге тиiстi өзгерiстер енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс әзiрлеп, енгiзсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiне мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөнiндегi сабақтастықты және толыққанды жұмысты қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана, Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының пайдалануындағы материалдық-техникалық мүлкiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдарына беру ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (11.01.2002 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен.
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия