Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.09.2017
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 683 және 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 871 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.09.2017 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестi құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 683  қаулысында: 
2, 3, 4, 5, 7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi әкiмдiктер жанынан дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiнде кеңестер құрсын, кеңестер туралы ережелер мен олардың құрамдарын бекiтсiн.";
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес туралы ережеде: 
6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
7-тармақтың 2), 3), 5) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"8. Кеңестi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi басқарады.";
9-тармақтағы "үш айда" деген сөздер "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша "органдардың" деген сөзден кейiн "Кеңес құзыретiне қатысты" деген сөздермен толықтырылсын; 
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"3) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Кеңестің отырыстарына шақыруға;"; 
4) тармақша "азаматтардың" деген сөздiң алдынан "заңнаманы жетiлдiру және" деген сөздермен толықтырылсын; 
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
"13. Кеңес төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. 
Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледi. 
14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресiмдеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. 
Отырысқа материалдар Кеңес мүшелерiне ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын жiберiледi.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"17. Кеңестiң құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 15 қыркүйектегi
 N 871 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2000 жылғы 27 шiлдедегi
 N 1140 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестіктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң құрамы
Балиева                       - Қазақстан Республикасының Әдiлет 
Тоғжанов                      - Қазақстан Республикасы Әдiлет 
Ералы Лұқпанұлы                 министрлiгi Дiни iстер комитетiнiң төрағасы, төрайымның орынбасары
Төлесов                       - Қазақстан Республикасы Әдiлет 
Қайрат Бақтыбайұлы              министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi төрағасының орынбасары, хатшы
Досжан                        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Ардақ Дүкенбайұлы               Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi
Бабақұмаров                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Ержан Жалбақұлы                 және ақпарат вице-министрi
Жошыбаев                      - Қазақстан Республикасының Сыртқы 
Рәпiл Сейiтханұлы               iстер министрiнiң орынбасары
Өтеулина                      - Қазақстан Республикасының Бiлiм және   
Хафиза Мұхтарқызы               ғылым вице-министрi
Шпекбаев                      - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 
Байқадамов                    - Қазақстан Республикасындағы Адам 
Болат Кенжекешұлы               құқықтары жөнiндегi уәкiлеттi өкiл
Әлкенов                       - Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Нұрлан Қаратайұлы               қауiпсiздiк комитетiнiң 
Мұхамеджанов                  - Қазақстан Республикасының Парламент 
Төлеген Мұхамеджанұлы           Мәжiлiсiнiң депутаты
Дербiсәлi                     - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары 
Әбсаттар қажы                   дiни басқармасының төрағасы
Мефодий                       - Қазақстан Республикасындағы Орыс 
 (Немцов                         православие шiркеуi Митрополиттiк 
Николай Федорович)              округiнiң басшысы, Астана және Алматы Митрополитi
Терещенко                     - Қазақстан халықтары Ассамблеясы 
Сергей Александрович            төрағасының орынбасары
Мұстафина                     - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары 
Нысанбаев                     - Қазақстан Республикасы Бiлiм және   
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы           ғылым министрлiгi "Философия және саясаттану институты" 
                                             республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының директоры
Керiм Шамшәдин                - "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениетi университетi" 
                                         жеке мекемесiнiң проректоры
Владимир Александрович          бiрлестiктермен жұмыс мәселелерi жөнiндегi бас инспекторы
Полная версия
ИС BestProfi