1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.11.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қыркүйек N 993
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi штат санының лимитi 307 бiрлiк санында белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
5. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітiлген министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволар штат санының лимиттерiнде реттік нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы қаулыны іске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Кеңсе өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Кеңсе мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары, оның iшiнде валюталық шоттары болады.
Кеңсе азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Кеңсенің, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Кеңсе өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Кеңсе Басшысының бұйрықтары түрiнде кесімдер шығарады.
5. Кеңсенің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 6. Кеңсенің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11. 7. Толық атауы: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi" мемлекеттiк мекемесi. 8. Кеңсенің құрылтайшысы мемлекет болып табылады. Кеңсе туралы ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. 9. Кеңсенiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Егер Кеңсеге заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады. 2. Кеңсенің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 10. Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;
Полная версия