1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.04.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қыркүйек N 993
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi штат санының лимитi 307 бiрлiк санында белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берілетін штат санының шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.11.2002. № 1221 қаулысымен. (11.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітiлген министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволар штат санының лимиттерiнде реттік нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы қаулыны іске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
Полная версия