Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Коммуникация орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 814 Қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мекемеге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) мекеменің Қазақстан Республикасының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2012 жылы мекеменің қызметін қамтамасыз ету үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 22009700 (жиырма екі миллион тоғыз мың жеті жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.12.2012 жылғы № 1625 Қаулысына сәйкес (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
«3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 987 бірлік санында бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 21 маусымдағы
 № 814 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 11 қыркүйектегі
 № 993 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті
 
Атауы Штат санының лимиті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 987
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: 726
1) «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі 354
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 307
3) Ақпаратты техникалық қорғау орталығы 14
4) Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы 8
5) Коммуникация орталығы 43
Полная версия
ИС BestProfi