Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1328 Қаулысы
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 27-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 636 бірлік санында бекітілсін.";
6-тармақтағы "Қосымшаға" деген сөз "1-қосымшаға" деген сөзбен және осы қаулының қосымшасында "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1328 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып штат санының лимиті
Атауы | Штат санының лимиті |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 636 |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 329 |
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы | 14 |
Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы | 8 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі | 307 |
Полная версия