Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.03.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне  және "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) 1-қосымшаға сәйкес жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi саны; 
2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекiтiлсiн.
2. Штаттық кестелерді бекiткен кезде әкімдерге 3-қосымшаға сәйкес жергіліктi атқарушы органдардың штат санының нормативтерiн пайдалану ұсынылсын.
3. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi: 
1) осы қаулыға 3-қосымшада белгiленген жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының нормативтерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн; 
2) осы қаулыға 2 қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Алматы, Астана қалаларының, қалада аудандары бар облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi қаладағы аудандардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
5. Аудан әкiмдерi аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
6. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінiң
 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
 N 1324 қаулысына
 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2005. № 785, 27.12.2005. № 1294, 30 (15.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз).07.2007. № 643 Қаулыларымен.(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi саны
____________________________________________________________________ 
Полная версия
ИС BestProfi