Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 және 2004 жылғы 15 желтоксандағы N 1324 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1107 Қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынандай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын қоспағанда, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымында көзделген әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, құқығын берсін;
1-2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін және өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін;
1-3) осы қаулымен бекітілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларында атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметін құруды штат саны лимиттерінің шегінде қамтамасыз етсін;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
1) "Облыстық әкімдік" деген 1-бөлімде:
Полная версия