Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегі екi жақты және көп жақты ынтымақтастығы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы, iстер министрлiгінiң үйлестiрушiлiк рөлiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.10.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 наурыз N 421
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi үшiн бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегi комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн.
1)
2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің ведомствосы - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi бар". 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. N 214 қаулысымен. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тауелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi туралы ЕРЕЖЕ 1.Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен ынтымақтастықты ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өзiнiң кызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметінiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тэуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Полная версия