Қазақстан Республикасының»" Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және»" Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған:
1) Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) этил спиртін ендіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 қаулысымен бекітілген
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.
3. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия басты лицензия болып табылады.
2. Лицензиялау тәртібі
4. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Полная версия