Близость слов: Окончание:





«Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 10 тамыздағы № 198-НҚ бұйрығының және «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығына қосымшаның 19-тармағының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 417-НҚ бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи  монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 10 тамыздағы № 198-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4356 тіркелген, 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 «Ресми газет» газетінде жарияланған);
2) «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығына қосымшаның 19-тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5557 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені, 2009 жылғы № 3, 338-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi