Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 және 2001 жылғы 28 маусымдағы N 887 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 1633       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 
1) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587  қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 
28-жолмен толықтырылсын:
     "28. "Каспиймұнайгаз" ғылыми-зерттеу және жобалау институты" ААҚ 
(Атырау қаласы) 100%";
     2) "Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі 
ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесін қайта 
ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 
маусымдағы N 887  

 
  қаулысына:
     3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
          
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi