Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетінiң "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 91
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетiнiң "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен, оны "Қазақэнергиясараптама" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 91 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (23.01.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-62-жолмен толықтырылсын:
"123-62 "Қазақэнергиясараптама" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымша:
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 262-жолмен толықтырылсын:
"Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөніндегi комитетіне
262 "Қазақэнергиясараптама" ЖАҚ".
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 791 Қаулысымен (23.01.2002 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан объектiлердiң энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың ережесiнде: 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 5-тармақтағы "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен белгіленген тәртіппен тіркелген басқа да" деген сөздер "белгіленген тәртіппен тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
Полная версия