Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 72
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiле отырып, таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 3, 13-құжат); 
Полная версия
ИС BestProfi