Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 сәуір N 482
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
6) тармақшадағы "10" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті органның - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша мынадай мерзімдерде:
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей;
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 1-күнінен кешіктірмей ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейін енгізілуін қамтамасыз етсін.";
2) 2-тармақтағы "есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей" деген сөздер мынадай мерзімдерде: - 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей; - 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын. 3) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: тақырыбындағы "Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі" деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын; 4) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 9-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: "10-
1. "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ: Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға; Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі;
Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша); Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары; Ізтілеуов Бейсенбай Ізтілеуұлы - "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ басқармасының төрағасы". 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 482 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы N 586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 19, 206-құжат).
2. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы N 659 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегі N 1476 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 138 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 40-құжат). Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.
Полная версия