Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкiмшiлiк ғимаратының дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 283 Қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметтiк ғимаратын пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкiмшiлiк ғимаратының дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсіпорын қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметтік ғимаратын пайдалануға, оған және оның аппаратына көлiктiк қызмет көрсетуге, жабдықтау функцияларына байланысты қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты" мемлекеттiк мекемесiн Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы етiп белгілеу туралы ұсынысымен келiсiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты (келiсiм бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен: 
Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң бекiтуiне енгiзсiн; 
Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (30.03.2005 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi