Близость слов: Окончание:





Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 278
Редакция 10.12.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты мәселелері бойынша экспорттық бақылау жүйесін және ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру мен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1-4.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-4 тармақтар күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.12.1999. № 1917 қаулысымен.
6. Арнайы мүлікті экспорттау мен импорттауды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасына әртүрлі қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімді өндіру мен олардың жаңа түрлерін сатып алуға инвестициялар тарту үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сенімді шетелдік әріптестерін іздестіру жөнінде шаралар қабылдасын. 
7.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.12.2002. № 1300 қаулысымен. (10.07.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
8.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.12.1999. № 1917 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1771  қаулысына: 
атауындағы және 2-тармақтағы "Қорғаныс министрлігі" деген сөздер "Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.07.2000. № 1039 қаулысымен.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 1999 жылғы
 19 наурыздағы
 N 278 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қару-жарақтың әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссияның Құрылымы
Балғымбаев Нұрлан       - Қазақстан Республикасының  
Тілеубердин Алтай       - Қазақстан Республикасының  
Абылайұлы                 Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы,                                  төрағаның орынбасары     
Елубаев Бауыржан        - Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Ысқақұлы                  қауіпсіздік комитеті төрағасының                                  орынбасары (келісім бойынша)     
Алтынбаев Мұхтар        - Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
Тоқаев Қасымжомарт      - Қазақстан Республикасының Сыртқы 
Кәкімжанов Зейнолла     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Әблязов Мұхтар          - Қазақстан Республикасының Энергетика,        Қабылұлы                  индустрия және сауда министрі
Полная версия
ИС BestProfi