Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2017
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қараша N 1539
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 7-тармақтағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеде:
1-тармақта "екiұдай мақсаттағы өнiм" деген сөздер "ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Бiрiншi кiшi комиссияның мүшесi болмаған жағдайда келiсу хатына (лер жасалған не келісуден дәлелді бас тартылған келісу хаты) оның орнындағы адамның қол қоюына рұқсат етіледі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қарашадағы N 1529 қаулысына қосымша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссиясының ҚҰРАМЫ
Тоқаев - Қазақстан Республикасының Қасымжомарт Кемелұлы Премьер-Министрi, Мемлекеттiк комиссияның төрағасы Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасы Алтынбек Сәрсенбайұлы Президентiнiң Ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегі көмекшiсi - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, Мемлекеттiк комиссия төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша) Тілеубердин - Қазақстан Республикасының Алтай Абылайұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, Мемлекеттiк комиссия төрағасының орынбасары Құлекеев - Қазақстан Республикасының Жақсыбек Әбдiрахметұлы Экономика және сауда министрi, кiшi комиссиялардың төрағасы Нұрсейітов - Қазақстан Республикасының Азамат Айтқалиұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттiк комиссияның хатшысы Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссия Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Ерлан Әбiлфайзыұлы Сыртқы iстер министрi Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттiк кiрiс министрi Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Абылай Исабекұлы Көлiк және коммуникациялар министрi Рогов - Қазақстан Республикасының Игорь Иванович Әдiлет министрi Тоқпақбаев - Қазақстан Республикасының Сәт Бесiмбайұлы Қорғаныс министрi Әмрин - Қазақстан Республикасының Ғұсман Кәрiмұлы Қауiпсiздiк Кеңесi хатшысының орынбасары (келiсiм бойынша) Дүтбаев - Қазақстан Республикасының Нартай Нұртайұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша) Нефедов - Қазақстан Республикасының Петр Петрович Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi Нүкенов - Қазақстан Республикасының Маратқали Ордабайұлы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң төрағасы Экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi кiшi комиссия Донақов - Қазақстан Республикасының Талғат Советбекұлы Әдiлет бiрiншi вице-министрi Әбусейітов - Қазақстан Республикасының Қайрат Қуатұлы Сыртқы iстер вице-министрi Қанешев - Қазақстан Республикасының Бiржан Бисекенұлы Қауiпсiздiк Кеңесi хатшылығының меңгерушiсi (келiсiм бойынша) Байғарин - Қазақстан Республикасының Бекболат Әбдiғалиұлы Экономика және сауда министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегі комитетiнiң төрағасы Жантикин - Қазақстан Республикасының Тимур Мифтахұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Атом энергетикасы жөнiндегі комитетiнiң төрағасы Қосынов - Қазақстан Республикасының Алмас Олжабайұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Аэроғарыштық комитетiнiң төрағасы Могильный - Қазақстан Республикасының Білім Валерий Валентинович және ғылым министрлiгi Ғылым департаментiнiң директоры Мұхаметжан - Қазақстан Республикасының Сырым Төлеутайұлы Экономика және сауда министрлiгi Экспорттық бақылау және арнайы бағдарламалар департаментiнiң директоры, кiшi комиссиялардың хатшысы".
Полная версия