Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2014
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 Қаулысы
3, 4, 5-тармақтарды қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысына сәйкес
Редакция 13.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже; 
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.01.2013 жылғы № 66 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006 жылғы № 134 Қаулысымен (15.10.2005 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн; 
2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1117 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.01.2013 жылғы № 66 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2014 жылғы № 263 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi