Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық консультативтiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 354 Қаулысы       
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық консультативтiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң "Республикалық аллергология орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін: 
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (14.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi