Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 Қаулысы
Тақырыбында және мәтiнде "медициналық қызметтiң сапасын бақылау" сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 22.09.2006 № 899 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. 
(Aлынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.10.2007 № 944.(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Қаулысымен)
3. 
(Aлынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.10.2007 № 944.(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Қаулысымен)
4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны таратылсын.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде: 
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 
"Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттік нөмiрi 33-жолы алынып тасталсын.
8. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi