1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi болып қайта аталсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 899 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 899 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтiң сапасын бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу, азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепiлдiк берген көлем шегiнде тегiн медициналық көмек алуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру, халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, денсаулық сақтау, оның iшiнде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.";
үшiншi абзацта "қызметтiң сапасын" деген сөздер "қызмет көрсету саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшада:
екiншi абзацта "медицина" деген сөзден кейiн "және фармацевтика" деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия