"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" акционерлiк қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 946 Қаулысы
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп:
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттың есебiнен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында қоғамды мемлекеттiк тiркеудi;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң тyрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-79 жолмен толықтырылсын:
"21-79. "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 226-6 жолмен толықтырылсын:
"226-6. "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ";
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысымен (29.09.2006 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия