Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.06.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1036
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнің "Ақпаратты техникалық қорғаудың орталығы" мемлекеттік мекемесi, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің "Алмас" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі - Мекемелер мен Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің 
қарамағынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарамағына  
берілсін.
     
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi:
     1) Мекемелерге қатысты уәкiлетті мемлекеттік орган;
     2) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi заңнамада 
белгiленген тәртіппен:
     1) Мекемелер мен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта 
тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр 
шешімдерiне енгiзiлетін өзгерістер бекiтiлсiн.
     5. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметi" 
республикалық мемлекеттік мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметінің 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522  

 
  қаулысының күшi жойылды 
деп танылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                      Үкіметінің 
                                              2002 жылғы 20 қыркүйектегі
                                                   N 1036 қаулысымен
                                                      бекiтiлген
     
               Қазақстан Республикасы Үкіметінің
            кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
     
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы 790  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
Полная версия
ИС BestProfi