Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігінiң "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 303 Қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Жалын" журналы" жауапкершілiк шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - Серiктестiк) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) "Жалын" журналын шығару, әдеби дәстүрлердi сақтау және дамыту Серіктестік қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, оның жарғысын бекiтсiн;
2) әділет органдарында оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетіне Серiктестіктің мемлекеттiк қатысу үлесiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (04.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-99-жолмен толықтырылсын:
"123-99 "Жалын" журналы" ЖШС";
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-24-жолмен толықтырылсын:
"224-24 "Жалын" журналы" ЖШС".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия