Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 500       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрлігінің Мәдениет комитетіне бағыныстағы ұйымдардың тізбесі 
бекітілсін.
     
2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау 
министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы N 525  

 
  қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 17, 155-құжат) күші жойылған деп 
танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             1999 жылғы 29 сәуірдегі
                                                N 500 қаулысымен
                                                   бекітілген
     
     Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
          министрлігінің Мәдениет комитеті туралы
                            Ереже
     
                  1. Жалпы ережелер
     
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мәдениет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.  
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
480013 Алматы қаласы, республика алаңы, 4. 
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесі. 
Полная версия
ИС BestProfi