Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.08.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 500
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 қаулысымен. (18.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы N 525 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 17, 155-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мәдениет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
қаулысымен.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия