Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 836 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттің музыка өнері саласындағы мәдени-рухани аясын одан әрі дамыту және мәдениет саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) жарғысын бекіткен кезде Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан халықтарының рухани, эстетикалық талаптарын қанағаттандыруға бағытталған халықтық музыка өнері саласындағы концерттік-көрермендік іс-шараларды ұйымдастыру етіп белгілесін; 
2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (24.11.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi