Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы N 225 Қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Помологиялық бақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекiтсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (14.03.2005 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия