Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұлан" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1236 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұлан" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (05.12.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Полная версия