Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Республикалық микроорганизмдер коллекциясының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 1257 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дәрілік қоспаларды биологиялық зерттеулердің орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорын Жарғысының бекітілуін қамтамасыз етсін;
2) "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүлігінің қосымшаға сәйкес бөлігін Кәсіпорынға берсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) әділет органдарында Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (10.12.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі N 850 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 267-құжат):
2-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы" деген сөздер "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 1257 қаулысына қосымша
Берілетін мүліктің тізімі
Астана қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 мекен-жайы бойынша орналасқан зертханалық корпус және оның ішіндегі зертханалар:
микробиологиялық синтез топты микроорганизмдер коллекциясының зертханасы;
иммунохимия және иммунобиотехнология зертханасы;
фармакология және токсикология зертханасы;
өсімдіктердің селекциясы мен биотехнологиясы зертханасы;
экологиялық биотехнология зертханасы.
Полная версия