Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң жекелеген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қараша N 1513       
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Алматы селекциялық орман орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Лавар" республикалық мемлекеттiк қазыналық оқу-өндiрiстiк селекциялық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн: 
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.11.2001 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге 
қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  

 
  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
     көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
     реттiк нөмiрi 327-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "327  "Алматы селекциялық
           орман орталығы"
           қазыналық кәсiпорны              Жiбек жолы көшесi, 60-үй".
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.
Полная версия
ИС BestProfi