Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.08.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2006 жылғы 4 желтоқсандағы
 N 1164 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ережеде:
алтыншы және жиырма екiншi абзацтарда "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
жетiншi абзацта "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың бiрiншi абзацында және 21-тармақтың екiншi абзацында "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың бесiншi және сегiзiншi абзацтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
16-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат): 
Полная версия
ИС BestProfi