1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ережеде:
14-тармақта:
алтыншы және жиырма екiншi абзацтарда "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацта "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың бiрiншi абзацында және 21-тармақтың екiншi абзацында "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың бесiншi және сегiзiншi абзацтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
16-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен.(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия