Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2018
Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі N 768 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.09.2018 жылғы № 544 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесi берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (31.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi