Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 16.06.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 127
тақырыбы және мәтініне өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.10.2004. № 1029 қаулысымен. (26.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3)-тармақша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.10.2004. № 1029 қаулысымен. (26.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Полная версия