Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.11.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 2 наурыз N 347
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығы мен "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен бұрынғы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мүлкiн 1999 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарауына берсiн.
3. "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың Қызылорда бiрiккен дирекциясы" мемлекеттiк кәсiпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жатқызылсын және Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзiлсiн. 
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi аталған кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Солтүстiк су құрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiн салу жөнiндегi аумақтық дирекция" мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы: 
1) республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымдарды сумен қамтамасыз ету коммуникациялар және олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң басқа да салаларында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру; 
2) табиғат қорғау саласында шаруашылық-өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
осы қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары комитетi" деген бөлiмi мынандай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi"; 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 145-8, 145-9-жолдармен толықтырылсын: 
Полная версия
ИС BestProfi