Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 қарашадағы N 1170 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп:
1) Кәсіпорын жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (05.11.2002 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2002 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия