Близость слов: Окончание:





2002 жылы жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 наурыз N 352
"Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 маусымдағы N 880 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2002 жылы жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн. 
2. Тiзбеге енгiзiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар оларды акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрғаннан кейiн мүлiктiк кешендер не акциялардың мемлекеттiк пакеттерi түрiнде жекешелендiруге жатады деп белгiленсiн. 
3. Тiзбеге енгiзiлген кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару 
органдары заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде сатуға қойылатын 
акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң мөлшерiн көрсете отырып, алдын ала 
акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрылумен жекешелендiрiлуi көзделетiн 
кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi 
шешiмдерiнiң жобаларын енгiзсiн.
     
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі
                                                  Қазақстан Республикасы
                                                        Yкiметiнiң
                                                 2002 жылғы 26 наурыздағы
                                                     N 352 қаулысымен
                                                        бекiтiлген
                       2002 жылы жекешелендiруге жататын
                республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi
                  Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар
                   және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
     1. "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны        Көкшетау қаласы
        қорғаудың ақпараттық-талдау
        орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
                      Қазақстан Республикасының Мәдениет,
                   ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi
     2. "Ақмола мемлекеттiк "Елорда" баспасы"         Астана қаласы 
        шаруашылық жүргiзу құқығындағы
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     3. "Абай" журналы" республикалық мемлекеттiк     Семей қаласы
        кәсiпорны 
                         Қазақстан Республикасының
                        Ауыл шаруашылығы министрлiгi
     4. "Дән" қонақ үйi" шаруашылық жүргiзу           Алматы қаласы
        құқығындағы республикалық мемлекеттiк
        кәсiпорны
                           Қазақстан Республикасының
                         Статистика жөнiндегi агенттiгi
     5. "Қазстатақпарат" ақпараттық-баспа             Алматы қаласы
        орталығы" республикалық мемлекеттiк
        кәсiпорны 
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi