Близость слов: Окончание:





"Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 341 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
3. "Жалын" әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде: 
1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін; 
3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.11.2003 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi