Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 482
Редакция 28.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1) "Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың республикалық курсы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2012 № 421 Қаулысымен. (06.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
басшы құрамдардың, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы, елдің азаматтық қорғаныс қызметін жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау; 
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету; 
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.04.2012 № 421 Қаулысымен; (06.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
3) "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын: 
өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыс жүргізу; 
4) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Өрт сөндіруші" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын: 
өрттің алдын алуға және жоюға қатысу.
2. Қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.05.1999. № 537 қаулысымен.
1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, атом-энергетика кешенінің кәсіпорындарында жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі облысаралық инспекция" мемлекеттік кәсіпорны "Атом-энергетика кешенінде жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі облысаралық мемлекеттік инспекция" мемлекеттік мекеме болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органы ретінде қайта ұйымдастырылсын, оның қызметі республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарын қаржыландыруға бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылады. 
Мемлекеттік мекемелердің негізгі міндеттері: 
Атом-энергетика кешенінің объектілігінде жұмысты қауіпсіз жүргізуді мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру; 
авариялар мен оқиғалардың себептерін тексеру, атом-энергетика кешенінің объектілерінде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2015 жылғы № 850 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Қазселқорғау" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын "Қазселқорғау" мемлекеттік мекемесі болып құрылсын; 
Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні: 
Қазақстан Республикасының селдің, қар көшкінінің, жар көшкінінің, опырылып құлаудың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу; селдің жүруі мен жер сілкінуін болжау, тиісті байқаушы және хабарлаушы қызметтердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 
4) "Республикалық жедел-құтқару тобы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны республикалық бюджет қаражатының есебінен ұсталатын "Республикалық жедел-құтқару тобы" республикалық мемлекеттік мекеме болып құрылсын; 
Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні: 
баруы қиын аудандардағы ең қиын объектілерді құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу; 
зілзала, авария және апат салдарынан зардап шеккендерге кезек күтпестен көмек көрсетуді.
3. Осы қаулының 1-тармағына және 2-тармағының 2)-4) тармақшаларына сәйкес құрылған мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік ұйымына, сондай-ақ оларға қатысты субъект функцияларын жүзеге асыратын органының мемлекеттік меншік құқығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі белгілейді.
4. "Республикалық су-құтқару қызметінің орталығы" мемлекеттік мекемесі таратылсын, оның функциялары, сондай-ақ тарату жұмыстары жүргізілгеннен кейін қалған мүлкі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне берілсін.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңда белгіленген тәртіппен: 
1) осы қаулының 1-тармағына және 2-тармағының 2)-4) тармақшаларына сәйкес құрылатын мемлекеттік ұйымдардың жарғыларын, сондай-ақ құрылған аумақтық органдар туралы ережені бекітеді; 
2) олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді; 
3) осы қаулының 4-тармағын орындау мақсатында қажетті тарату шараларын жүргізеді; 
4) Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізеді; 
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдайды.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен; (06.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (07.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) "Республикалық жедел-құтқару тобы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 12, 115-құжат) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы N 235 қаулысының; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойған деп тану туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістің 16-тармағының күші жойылған деп танылсын. 
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi