Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.10.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 мамыр N 537
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2015 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 482  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
бiрiншi абзацтағы "Есептеутехникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздер "Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртіншi абзацтағы "агенттiгiнің ақпараттық-есептеу техникаларын монтаждау және жүйелi-техникалық қызмет көрсету" деген сөздер "агенттiгiнiң ақпараттық-есептеу техникаларын заңдарда белгiленген тәртiппен монтаждау және жүйелi-техникалық қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi