Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Ақпарат" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1062 қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1602 қаулысына:
1-тармақта:
"және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары", "тиiсiнше", "және қосымшаға сәйкес ашық акционерлiк қоғамдар" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қоғамдар" деген сөз "Қоғам" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшада:
"Қоғамдар жарғыларын" деген сөз "Қоғамның жарғысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "Қоғамдардың" деген сөз "Қоғамның" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1602 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2, 3-тармақтары алынып тасталсын;
2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Ақмола облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 13-2-жол алынып тасталсын;
"Астана қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 21-24-жол алынып тасталсын;
"Алматы облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 38-2-жол алынып тасталсын;
"Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрлерi 123-59, 123-60-жолдар алынып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрлерi 133-2, 133-3-жолдар алынып тасталсын;
Полная версия