Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.03.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 825 Қаулысы
"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алматы қаласындағы органдарына шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi басқарма" мемлекеттiк мекемесi және "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оларды жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қызмет" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен: 
1) қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау деп анықтай отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн; 
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн құрылатын Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берсiн; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Полная версия
ИС BestProfi